«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ҚазАТЗУ-мен бірлескен жұмыс тобы құрылады
close_up

Deze website maakt gebruik van cookies. Lees meer over het doel van cookies en het wijzigen van cookie-instellingen in uw browser. Door deze website te gebruiken, gaat u akkoord met het gebruik van cookies in overeenstemming met de huidige browserinstellingen Meer informatie over cookies

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ҚазАТЗУ-мен бірлескен жұмыс тобы құрылады

Leestijd: iets minder dan minuten

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша ҚазАТЗУ-мен бірлескен жұмыс тобы құрылады

Bron: AGRONEWS Alle berichten van deze bron

Кездесуді Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қанат Тіреуов ашып, мұндай жүздесулердің студенттер үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ол жастардың өзекті мемлекеттік бастамалармен тікелей танысып, ел дамуына қатысты маңызды мәселелер жөнінде жан-жақты ақпарат алуына мұндай кездесулердің үлкен мүмкіндік беретінін айтты.

Кездесу барысында Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Президентінің ауылды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға бағытталған бастамаларын іске асырудың негізгі тәсілдері туралы айтты. Әсіресе, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауылдық елді мекендерде кооперацияны қолдауға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасына ерекше назар аударылды. 

Іс-шараның басты қорытындысы – Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауыл аманаты» бастамасын іске асыру бойынша ҚазАТЗУ-мен бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешім болды. Аталған жұмыс тобы университеттің ғылыми, сараптамалық және білім беру әлеуетін біріктіріп, ауылдық аумақтарды қолдау мен дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеуге бағытталады. 

Кездесу университеттің студенттік және ғылыми қауымдастығы үшін мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды. Іс-шара барысында студенттер Ералы Тоғжановқа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылды дамыту және жастардың маңызды бастамаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктері жөнінде ой бөлісті.

    С.Сейфуллин атындағы

    Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

foto: kazatu.edu.kz

Blijf altijd op de hoogte van het laatste nieuws.
Agronews
Wachtwoord vergeten?
Ik ga akkoord met de gebruikersovereenkomst

Contact met de redactie